Семей автобустарында жолаушылар саны екі есе азайған

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы қоғамдық көліктер әр рейс сайын дезинфекциялануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әр рейстен соң жолаушылар ұстап тұратын тұтқалар, орындықтар, есік пен терезелер және валидаторлар хлор ерітіндісі бар қоспамен залалсыздандыруда. Бұл туралы «Semey Bus» ЖШС директорының орынбасары Әсет Қалиғожин мәлім етті.

«Күн сайын желіге шығар алдында жүргізушілер мен кондукторларға маска, қолғап және жуғыш құралдар беріледі. Дезинфекциялау тек жолға шығар алдында ғана емес, автобус соңғы аялдамаға келгенде, яғни әр айналымнан кейін жүргізіліп отырады», - деді ол.

Төтенше жағдай режіміне байланысты Семейдегі қоғамдық көлікте жолаушылар саны екі есе азайып кеткен. Осыған байланысты автобустар қозғалысы демалыс күндеріндегі кесте бойынша жүруде.

Айта кетейік, күн сайын желіде 180-ге жуық автобус жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар