Семей әуежайының ұшу-қону жолағынан құны 1,4 млн теңгелік шамдар ұрланды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағынан құны 1,4 млн теңгелік шамдар ұрланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семей станциясындағы желілік полиция бөліміне белгісіз біреулердің халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағынан 4 жарықтандыру шамын ұрлап кеткендігі жайлы ақпарат түскен. Осының салдарынан әуежайға 1 440 268 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірілді. Бұл туралы облыстық Көлік полициясы басқармасының бастығы Оңал Бекиев мәлім етті.

«Аталған факті бойынша бірден ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейін тергеу амалдары қолға алынған. Жедел -іздестіру шараларының нәтижесінде осыған ұқсас қылмыстар үшін бірнеше рет сотталған 36 жастағы Семей тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады», - деді Оңал Бекиев.

Оның айтуынша, Семей қаласының №2 сотының үкімімен ер адам 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар