Семей әуежайы жөндеу жұмыстарынан соң қайта іске қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Семей қаласындағы әуежай жөндеу жұмыстарынан соң қайтадан жұмыс істей бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, әуежайдың күрделі жөндеу жұмыстарына «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бюджеттен 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген болатын.

Сарапшылардың сөзінше, енді әуежай халықаралық азаматтық авиация талаптарына толықтай сай. Ені 45 метр, ұзындығы 2,5 км ұшып-қону алаңына толықтай монолитті бетон құйылды.

Айта кететін мәселе, бұл әуежай 30 жылдан бері жөндеу көрмеген еді.

«Осы кезде жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды деуге болады. Қазіргі таңда әуежайды көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Ұшып-қону алаңы дайын, 2 қыркүйекте Семей әуежайына жөндеуден кейін алғашқы ұшақтар қона бастайды. Алдымен Алматы мен Астана қалалаларынан және көршілес шет мемлекеттерден ұшақтар қатынайтын болса, жақын болашақта біз Түркия Батыс Еуропа елдері сияқты халықаралық деңгейдегі рейстерді де қабылдай аламыз деген ойдамын»,-деді халықаралық әуежайдың жерүсті қызметінің басшысы Марат Жақсылықов.

Соңғы жаңалықтар