Селфи сән бе әлде тәуелділік пе

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгінде селфисіз бір күн де өмір сүре алмайтын адамдар бар. Олардың өзін-өзі суретке түсіруге неге құмар екендігін анықтау үшін ҚазАқпарат тілшісі «SelfieFestKZ» фестиваліне барды.

Селфидің сәнге айналғанына 5 жыл болды. 2015 жылы телефонның фронталды камерасы арқылы өзін-өзі суретке түсіру әдісі әлі күнге дейін өзекті болып тұр.

Бүгінде бай-бағлан да, кедей де, жұлдыздар да, президенттер де селфи жасайды.

Алматы - еліміздің мәдени астанасы ретінде әлемдік тенденциялардан артта қалған емес. Алматылық арулардың арасында селфи жасамаса бір күн тұра алмайтындар жетерлік.

«Мен күнде селфи түсіремін. Таңертең, түсте, кешке. Мен үшін бұл міндетті процесс. Әрине, үнемі сапалы сурет түсіруге мүмкіндік бола бермейді. Ал, селфиді кез-келген жерде кез-келген  телефонмен түсіруге болады. Ыңғайлы», - деді Мәдина Құрамбаева.

Селфи түсіргіш адам сырттан өзімшіл адам боп көрінетіні рас.

Алматылық қыздардың бәрі жаппай селфилеткіш емес. Кей адамдар суретке түсіретін адам жоқ болған кезде амал жоқта пайдаланылатын үрдіс деп санайды.

«Менің инстаграмдағы аккаунтымда селфи мен жай суреттер аралас. Мүмкіндік болып жатса мен біреуге түсірткенді қалаймын»,- деді Айгерім Қонаева.

«Мен селфиді тек снэпчатта жасаймын. Өзімнің түрім қалай өзгергені қызық», - деді Найля есімді бойжеткен.

Егде адамдар арасында селфи түсіруге жаппай құмарлық жоқ.

«Біз сән қуатын уақыттан өтіп кеттік. Негізінде айналаны суретке түсіргенді жақсы көреміз», - деді Елена Бельская.

Психология ғылымдарының докторы Мадина Баянболова селфиге әуестіктің адам психологиясына қандай ықпалы бар екендігін айтып берді.

«Селфидің адам денсаулығына еш зияны жоқ. Егер ол өнер үшін жасалса. Одан өзге болса, түсініксіз тәуелділікке айналып кетуі мүмкін», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар