Селден жапа шеккендерді қолдауға 35 млн. теңгеден астам қаражат жиналды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда селден жапа шеккендерді қолдауға 35 311 578 теңге жиналды. Қайырымдылық акциясын «Жаңа Алатау» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Бұл туралы сел салдарын жою бойынша құрылған жедел штаб өкілдері хабарлады.

Табиғат апатынан зардап шеккен Наурызбай ауданының тұрғындарын материалдық тұрғыдан қолдауға «Жаңа Алатау» қоғамдық қоры Халық банкінен шот ашқан болатын. Қорға түскен қаржы нұқсан келген әлеуметтік ғимараттарды, инфрақұрылым нысандарын қайта қалпына келтіруге бағытталатын болды. Шот реквизиттері: Қор атауы: «Жаңа Алатау» қоры Қор БЖН: 080740011034 Қор шоты: KZ826010131000165601 Банк БИК-і: HSBKKZKX «Қазақстан Халық банкі» АҚ КБЕ 18 Естеріңізге сала кетейік, 23 шілде күні Қарғалы өзенінде су деңгейі көтеріліп, Алматы қаласының жоғары жағын сел басты. Наурызбай ауданының бірнеше елді мекені су астында қалды. Оқиға салдарынан 900 адам эвакуацияланды.

Соңғы жаңалықтар