Сел жүрген Пенжім ауылында апатты деп танылған үй жоқ - әкімдік

None
None
ЖАРКЕНТ. ҚазАқпарат- Алматы облысының Панфилов ауданындағы Пенжім ауылында су тасқынынан ешқандай үй апатты деп танылған жоқ. Бұл жөнінде Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арнайы құрылған комиссия анықтағандай, 181 үйдің ауласын су шайып, 31 үйдің ішіне су кірген. Әзірге апатты деп танылған үй жоқ. Ауыл ішіндегі арықтар толық тазаланып, бұзылған көпір қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта 120 үйдің ауласы мен 25 үйдің іші толық тазаланды. 370 тоннадай қалдық қоқыстар шығарылды»,-делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Әр үйдің ауласына екі «КамАЗ» шағыл төгіліп, аулаларды абаттандыру жұмысы жүріп жатыр. Жедел құрылған комиссия материалдық шығындарды есептеу үстінде. Шығындар толық есептелген соң комиссия шешімімен әкімшілік тарапынан қажетті көмек көсетілетін болады.

Оған дейін аудан әкімі Темірлан Бектасовтың ұйымдастыруымен кәсіпкерлер ауыл тұрғындарына көмек көрсетуді бастады. Әрбір кәсіпкер үйлердің жағдайына қарай құрылыс материалдарына көмек көрсететінін жеткізді.
null

«Сондай-ақ, кәсіпкерлер құлаған сарай, қора сынды аулалардағы қажетті құрылыс жұмыстарына көмек жасамақ. Ауылдағы екі кәсіпкер бірлесіп, тұрмысы төмен 20 отбасыға 50 000 теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсететінін айтты. Басқа да тұрғындар азық-түлік, тұрмыстық қажетті заттармен көмектесуде. Сонымен қатар, «Қызыл ай» қоғамы 181 отбасына 30 000 теңгеден көмек көрсететінін хабарлады»,- деп мәлімдеді Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметінен.
null

Айта кетейік, бұл мәселе облыс әкімі Амандық Баталовтың қатаң бақылауында.
null

Естеріңізге сала кетейік, 3 маусым күні кешкі сағат 20:30 шамасында нөсер жауын салдарынан Алматы облысының Панфилов ауданындағы Пенжім ауылын су басып қалған болатын.
null null null

Соңғы жаңалықтар