Сексеуіл саудасына шектеу қойылса, оңтүстіктің шалғай ауылдары қиналып қалмай ма

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзаxметовтың айтуынша, бүгінде сексеуіл ағаштарын кесуге тыйым салынған. Алайда оның саудасы толастамай тұр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде мораторий жарияланғанмен сексеуіл саудасы жүріп тұр. Оның бірден-бір себебі - табиғи қалдықтарды жинауға шектеудің болмауы. Ендігі жерде осы табиғи қалдықтарды да пайдалануға шектеу қою туралы шешім қабылданды. Оған қоса, қазіргі кезде біз сауда орындарыда сексеуілді сатуға тыйым салу мәселесін көтеріп отырмыз», - деді А.Мырзаxметов биоалуандылықты сақтау мәселесі бойынша өткен қоғамдық тыңдауларда.

Осы орайда сенатор Бекмырза Еламанов сексеуілдің қалдықтарына дейін шектеу қойылса, шалғай ауылдардың жағдайын қиындап кетпей ме деп, өз алаңдаушылығын білдірді.

«Жаңа министр мырза өзінің баяндамасында алдағы жылдан бастап сол сексеуіл алқаптарында қалдықтарды алғаны үшін де жауапкершілік қаралатынын ескертіп кетті. Бізде Қызылқұм ауданында шалғай орналасқан елді мекендер бар. Көбісі мал шаруашылығымен айналысады. Мысалы, Қызылорда облысында Шопанқазған, Мұнаралы, Кекірел деген мекендер бар. Аудан орталығынан 300-350 шақырым жерде. Жол қатынастары нашар. Олардың қыстыгүні аудан орталығынан отын тасуы мүмкін емес. Осыған байланысты бір сұрағым бар, аталған елді мекендердің жеке тұрмыстық қажеттіліктеріне пайдаланатын қалдықтарға бір жеңілдік жасауға бола ма?», - деп сұрады сенатор.

Оның сауалына Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев жауап берді. «Бұл мәселенің бәрі қарастырылған. Бүгінгі таңда біз облыс әкімшіліктерімен мынандай шешімге келдік. Әрбір отбасыға 4 текше метр көлемінде сексеуілдің нормасы бекітілген. Соның барлығын тек орман шаруашылық мекемелері ғана даярлайды. Олар отынды өз қоймаларында сақтап, ауыл адамдарына тарататын болады», - деп атап көрсетті Е.Нысанбаев.

Соңғы жаңалықтар