Сегізінші қабаттан құлаған ер адам тірі қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербордағы Беринг көшесіндегі үйдің тұрғындарын көршісі қатты шошытты. Ер адам сегізінші қабатта орналасқан пәтер терезесінен құлады.

Зардап шеккен ол күрделі жарақаттар алғанымен, тірі қалды.

Оқиға жұма күні кешке, Беринг көшесіндегі үйде орын алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам темір торға асылып темекі шегіп тұрған. Бірақ құрылғы оның салмағына шыдамай, сынып кетті. Жәбірленуші тепе-теңдікті жоғалтып алып, сегізінші қабаттан құлаған деп шамаланып отыр.

Жарақат алған азаматтың қасында тордың бір бөлігі табылды.

Оқиға орнына дәрігерлерді үйде тұратын әйел шақыртты.

Оған қоса, бұл жерге құтқарушылар шұғыл келді. Ер адам ауруханаға жеткізілді. Life78 мәліметтерінше, жәбірленуші ауыр халде жатыр.

Соңғы жаңалықтар