Сегіз өңірдегі 20 жол учаскесінде шектеулер бар - ҚазАвтоЖол

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Осы уақытта 8 өңірдегі республикалық жолдарда көлік қозғалысына тыйым салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап.

«15 сәуір сағат 21:00-дегі жағдай бойынша 8 өңірде (Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, қарағанды, Павлодар және Ұлытау) ауа райының бұзылуына байланысты (жаңбыр, қар, бұрқасын) республикалық маңызы бар жолдардың 20 учаскесінде қозғалысқа шектеу бар. Жабылған жолдардың жалпы ұзындығы 2841 км немесе республикалық трассалар желісінің 11.4% пайызы.

Республикалық автожолдарды пайдаланушылардың назарын батыс өңірлерде күн райы күрт бұзылып жатқанына аударамыз. Штаттан тыс жағдай туындағанда 1403 қысқа номеріне қоңырау шалуға болады», - делінген таратылған хабарламада.




Соңғы жаңалықтар