+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Сегіз өңірде энергияға тариф арзандады

2020 жылғы 18 маусым 11:16
Бөлісіңіз:
Сегіз өңірде энергияға тариф арзандады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жыл басынан электр қуатына тарифтер 1,5 пайызға қымбаттады. Дегенмен, 8 өңірде баға керісінше, арзандай түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

2020 жылғы қаңтар-сәуір аралығында елде 37,5 млрд кВт-сағат электр энергиясы өндірілді. Көрсеткіш жылына 3 пайызға артқан.

«Энергетикалық компаниялардағы күрделі қаржылық жағдай, жетілдірілмеген тарифтік саясат, инвестициялық тартымдылықтың жоқтығы ірі көлемді жобалардың болмауына алып келді. А қазіргі жағдайда қаржыландыру тек жабдықтардың жұмысқа қабілеттілігін сақтап отыру үшін ғана жететін болады», - делінген ақпаратта.

Сарапшылардың пайымынша, саладағы проблемалар салдарынан Қазақстан жақын келешекте электр энергиясын көрші елдерден сатып алуы мүмкін. Әзірге қазақстандық электр стансалары (1-тоқсанда) энергияға сұранысты (экспорт пен нарықта сату) 99 пайызға қамтамасыз ете алды. Импорт үлесі – 1 пайыз болды. Бұл ретте, импорт бір жылда 17,9 пайызға азайған.

Биылғы жылдың мамыр айында электр энергиясының бағалары былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға қымбаттады. Электр энергиясының тарифтері Батыс Қазақстан облысында (16,3 пайызға), Нұр-Сұлтан (10 пайызға) және Алматы қалаларында (7,6 пайызға) қымбаттады.

Еліміздің 17 өңірінің 8-інде электр қуатының бағасы, керісінше арзандаған. Ақмола облысында бағаның 10,8 пайызға арзандауы тіркелді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT