+7 (701) 759 90 19
USD 432.94 EUR 513.68
RUB 5.62 CNY 66.1
Jańalyqtar

Сегіз облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2021 жылғы 2 наурыз 19:17
Бөлісіңіз:
Сегіз облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы 8 облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
10 сәуір күні Қазақстанда ауа райы қандай болады Алматылықтарға тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынды Жел, тұман, жаңбыр: 9 сәуірге арналған ауа райы болжамы

3 наурызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, күндіз кей жерлерінде көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе қаласында ертең күндіз жаяу бұрқасын соғады, оңтүстік-батыстан жел тұрып, екпіні 15 м/с жетеді.

3 наурызда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Түркістан қаласында ертең түнде тұман түсуі мүмкін.

3 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Көкшетауда ертең күндіз жаяу бұрқасын соғады, оңтүстік-батыстан жел тұрып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

3 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. таңертең және күндіз кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда қаласында ертең кей уақытта тұман түседі.

3 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қостанай қаласында ертең жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

3 наурызда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

3 наурызда Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз кей жерлерінде күші 15-20 м/с жетеді.

Жезқазғанда ертең түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

3 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Күндіз кей жерлерде бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді.

Петропавлда ертең күндіз боран соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT