Седов Олимпиадаға бармайтынын мәлімдеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осыдан бір ай бұрын Талдықорғанда өткен ауыр атлетикадан ел біріншігінде шу шығарып, «жұлдызға» айналған ауыр атлет Владимир Седов Рио олимпиадасына барудан бас тартты

Ол бұл туралы «КТК» телеарнасына берген сұхбатында мәлім етті. Онда зілтемірші ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ниден әбден көңілі қалғанын айтады.

Кеше Ұлттық олимпиадалық комитет зілтемірші Владимир Седовқа Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысу үшін тағы бір мүмкіншілік берілетіні туралы хабарлаған болатын. Онда ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев пен еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында ел құрамасымен кездесу өткізіп, ауыр атлеттер арасындағы бәсекелестікті арттыру үшін барлық үміткерлерді, оның ішінде 2009 жылғы Әлем чемпионы Владимир Седовты да «бақылау зілтемір көтеру» шарасына жіберу туралы шешім қабылдаған еді. Міне, бүгін спортшымыз «бас бапкер допинг дауынан кейін не істерін білмей қалды. Енді маған мүмкіндік беріп, бағыңды сынап көр дейді. Спортшы үшін бұдан асқан қандай мазақ керек?! Мен Алексей Нидің сөзіне сенуден қалдым. Алдағы уақытта бір жарысқа қатыссам деп жоспарлап отырмын. Содан кейін спортпен қоштасып, мансабымды аяқтаймын», - деп Риоға бармайтынын айтып отыр. Ал, алда қандай жарысқа қатысатыны туралы ашып айтпады.

Соңғы жаңалықтар