Щучинскте «БЖК-2020» аясында жаңа ойын-сауық орталығы ашылды (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Бурабай ауданына жасаған жұмыс сапарының барысында Щучинск қаласындағы «Ақ желкен» атты жаңа ойын-сауық орталығына барды.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің ақпаратынша, жаңа нысанда супермаркет, дәріхана, дәмхана және балаларға арналған ойын-сауық орталығы бар. Кәсіпорын 500 шаршы метр жерде орналасқан, үш касса және қойма бөлмелерімен, заманауи бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.

Атаоған нысан «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында енгізілді. Ойын алаңдары мен арнайы балалар тағамдары ұсынылатын дәмханасы бар балаларға арналған ойын-сауық орталығы күн сайын келушілерін қабылдап жатыр. Басшысы Біләл Сәкеновтің айтуынша, ойын-сауық орталығында үнемі балалар мерекелері өткізіліп жатады.

Жобаның жалпы құны - 35,7 млн. теңге. 2015 жылы балалардың ойын-сауық орталығы үшін жалпы сомасы 45 млн. теңгеден астам сомаға жабдықтар сатып алынды.

Аймақ басшысы жаңа нысанға оң бағасын беріп, жұмысына табыс тіледі.

2
3
4

Соңғы жаңалықтар