Щучинскте 75 жас отбасы жаңа пәтерлер алды (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Щучинск қаласында 75 жас отбасы қоныс тойын тойлады. Бүгін аймақ басшысы Сергей Кулагин Бурабай ауданына жасаған жұмыс сапарының барысында Қасеновтар отбасында қонақта болды.

Жас отбасылар үшін Магнитная көшесінде жаңа 75 пәтерлі үйдің пайдалануға енгізілуі - бақытты сәт. Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен атап өткендей, барлық пәтерлер «Жас отбасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша берілген.

Облыс әкімі қоныс той иелерін құттықтап, құрылысты салушы мердігерлердің кінәсінен ұзаққа созылғанын, бірақ басқа құрылысшылардың арқасында үйдің көпке созылмай тапсырылғанын атап өтті.
«Ең бастысы, мұнда 29 жасқа жетпеген жас отбасылар тұрады. Үй жылы. Мен кілттерін ғимарат тапсырылған соң бірден үлестіруді сұрадым. Бізде көршілес Школьная көшесінде ипотекалық несиелендіру бойынша тағы бір 75 пәтерлік үй салынып жатыр. Неғұрлым көп салсақ, тұрғын үймен проблемалар соғұрлым аз болады. Біз жетімдер, мүмкіндігі шектеулі адамдар және тұрғындардың әлеуметтік осал топтары үшін үйлер салып, тапсырмақпыз», - деді аймақ басшысы.
Нысанның құны 397,1 млн. теңгені құраған. Үйде барлығы отыз бір бөлмелі, он бес екі бөлмелі, және отыз үш бөлмелі пәтер бар. Мердігер ретінде Астана қаласынан «Номад Строй ЭК» ЖШС шықты.
null
null
null
null

Соңғы жаңалықтар