Щучинскте 280 орынға арналған балабақша ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Щучинск қаласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестігінің аясында 280 орынға арналған тағы бір балабақша ашылады. Бұл туралы бүгін аймақ басшысы Сергей Кулагиннің Бурабай ауданына жасаған жұмыс сапары аясында Щучинсктегі «Мерей» балабақшасына барған кезде белгілі болды.

«Мерей» ОВПП-ның меншігінде «Мерей» балабақшасының бар екені атап өту керек. Бұл - 300 орынға арналған, қазіргі кезде 282 бала үш тілде оқытылып отырған жекеменшік мектепалды мекеме. Соның ішінде 100 бала балабақшаға мемлекеттің әлеуметтік тапсырысы аясында барып жүр. Қазіргі кезде балабақшада 100 отбасы ай сайын 22 мың теңгенің орнына, 12 мың теңге төлеп жүр.

Сондай-ақ «Мерей» ОВПП» ЖШС-ның Щучинск қаласында «Айналайын» атты тағы бір балабақшасы бар. Аталған мекемеде тағы 170 бала білім алып жатыр. Осылайша, қазіргі кезде серіктестік 470 бала қабылдай алады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Облыс әкімімен кездесу кезінде «Мерей» балабақшасының директоры Гаухар Хамзина өз ісін кеңейтпек болып, мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында 280 орынға арналған «Радуга» балабақшасының бұрынғы ғимаратын сатып алмақ ниеті бар екенін атап өтті. Аймақ басшысы кездесуде қазіргі кезде облыста 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту 91 пайыздан астам екенін және облыстың бұл көрсеткішті өсіріп, алдағы уақытта 100 пайызға дейін жеткізбек екенін айтты.

«Мені біздің кәсіпкерлеріміздің МЖС бойынша жұмыс істей бастағаны қуантып отыр. Бұл Мемлекет басшысының қойған міндеттерінің бірі, және біздің осындай жобаларды іске асыруға көмектесетініміз сөзсіз. Сіздерге табыстар тілеймін және кеңейту бойынша бастамаңызға қолдау көрсетемін», - деп қосты әкім.

Соңғы жаңалықтар