Щучинскіде шаңғы жарысынан Қазақстан чемпионаты өтеді

ЩУЧИНСК. ҚазАқпарат - 26-29 қараша күндері Ақмола облысының Щучинск қаласында шаңғымен жарысудан Қазақстан чемпионатының алғашқы айналымы өтеді. Турнир Халықаралық шаңғы спорты федерациясының мұрындық болуымен ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Команда бас бапкері Александр Батяйкиннің айтуынша, чемпионатқа еліміздің тоғыз өңірінен спортшылар қатысады. Сондай-ақ, ұлттық құрама мүшелері де біріншілікте түгел бақ сынайды.
«Пандемияға байланысты біз біраздан бері оқу-жаттығу жиынын өткізе алмаған едік. Түмен қаласында жасанды қарда жаттығамыз деген жоспарымыз да орындалмай қалды. Десе де, 19 қазаннан бастап спортшылар дайындықты бастады. Чемпионатта шаңғы спорты жолға қойылған еліміздегі тоғыз өңірден спортшылар бақ сынайды. Барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды толығымен сақтаймыз. Жарыс көрермендердің қатысуынсыз өтеді және жүз спортшыдан артық жиналуға рұқсат жоқ. Бірінші тур аяқталған соң жаттығу қайтадан жалғасып, жаңа жылға дейін екінші айналымды да ұйымдастырамыз», - деп келтіреді бас бапкердің сөзін Olympic.kz сайты.
- Жаңқош Тұраров тәжірибелі британдық боксшымен жекпе-жек өткізеді
- Ақмола облысында Түркия азаматы көлігімен локомотивке соғылды
- СҚО-да былтыр 1 мыңнан астам жүргізуші мас күйде ұсталды
- Коронавирустың өршуі: Алматыда санитарлық шаралар күшейтілді
-
Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын 1 минутқа жеткізбей нокаутқа жіберді
-
Жамбыл облысында департамент басшысы алаяқтық бойынша тергеліп жатыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам