Щучинскіде полицияның фронт-кеңсесі ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Щучинск қаласында ХҚО қағидасы бойынша жұмыс істейтін полицияның фронт-кеңсесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, фронт-кеңсе тұрғындармен жұмыс істеуде жаңа форматты енгізу азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтып, өтініш қабылдау кезінде әкімшілік кедергілерді жоюға мүміндік береді.

«Фронт-кеңсенің қабылдау бөлмесінде алдын ала бекітілген кесте бойынша прокурор және полиция қызметкері азаматтардың өтініш-арыздарын қабылдайды», - дейді ведомстводан.

Бұл – Щучинск – Бурабай курортты аймағында ашылып отырған алғашқы фронт-кеңсе. Мұнда тұрғындарды қабылдау үшін барлық жағдай жасалған. Нысанда азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдайтын арнайы бөлмелер мен арнайы төлем жасай терминалдар да бар. Тегін Wi-Fi интернет желісі, «Адалдық дүкені» жұмыс істейді. Алдағы уақытта облыстың басқа қалалары мен аудандарында да азаматтарға арналған осындай фронт-кеңсе ашу жоспарда бар.

Ауданға жұмыс сапарымен барған Ақмола облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Берік Билялов фронт-кеңсенің жұмысымен танысты. Ақмола облыстық полиция департаментінің жеке құрамымен мәжіліс өткізді және жеке мәселелері бойынша тұрғындарды қабылдады.

Соңғы жаңалықтар