Щучинск қаласында жаңа ІТ мектеп-лицей пайдалануға беріледі

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Ақмола облысының Щучинск қаласында жаңа ІТ мектеп-лицей пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы білім басқармасының мәліметінше, жаңа мектеп 800 оқушыға арналған, оның 135-і интернатта жатып оқи алады. Екі қабатты ғимарат оқу корпусы және мектепке дейінгі интернаттан тұрады. Мектепте қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 18 пән кабинеттері, жаратылыстану-математикалық бағыттағы 7 зертхана қарастырылған. Сонымен қатар, мектептің 4 автобусына арналған гараж болады.

«Жаңа білім ордасының ашылуы қалада мектептегі орын тапшылығын азайтады. Ауыл балаларының ІТ мектеп-лицейде сапалы білім алуына жағдай жасайды. Мектепті алдағы оқу жылының басында пайдалануға беру жоспарланып отыр», - дейді білім басқармасындағылар.

Соңғы жаңалықтар