Щучинск қаласында Сәдібек Түгелдің шығармашылық кеші өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгел Щучинск қаласында «Ұлағатты ұрпақ - ұлттық ұстаным» атты шығармашылық кешін өткізді. Бұл туралы кандидаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында өткізілген кештің мақсаты - мәдениет пен өнерді қолдау, ұлттық құндылықтарды ұлықтау, сайлаушылармен кездесу.

Кеш барысында ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел шығармашылығына арналған бейнероликтер көрсетіліп, жергілікті әншілер Гүлім Құдысбек, Арайлым Сақытбай, Өмірзақ Құрбанов өнер көрсетті.

Өз кезегінде сөз алған жазушы-журналист Сәдібек Түгел «Ұлы Дала қырандары» мәдени-әлеуметтік қозғалысының атынан президенттікке үміткер ретінде қоғамдық деңгейде атқарған жұмыстары, жастарды отансүйгіштікке баулудағы бірлестіктің орны жайлы әңгімелеп, қатысушылар қойған сауалдарға жауап берді.

Соңғы жаңалықтар