Щучинск-Бурабай шипажай аймағына газ жеткізу жұмысы 2018 жылы басталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласы мен Щучинск-Бурабай шипажай аймағын газдандыру жұмысы келесі жылы басталады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Өңір үшін өзекті мәселелердің бірі - кешенді түрде газ тарту болып табылады. Газға қатысты мәселе - ең басты жұмыстардың бірі. Біз Астанада табысты жұмыс атқарып жатқан «Global Gas Group» компаниясымен бірлесіп, Көкшетау қаласы мен Щучинск-Бурабай шипажай аймағын газдандыру жұмысын 2018 жылы бастауды жоспарлап отырмыз», - дейді Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Әкімдіктің ресми мәліметіне жүгінсек, ресейлік «Газпром Экспорт» компаниясымен жыл сайын 320 мың тонна төмендетілген табиғи газ жеткізіп тұру жөнінде келісімге қол қойылып қойған.

Сонымен бірге, өңірде қуаттылығы 100 мегаваттық жел паркі мен құны 192 миллион теңге күн электрстансасын салу көзделіп отыр. 

Соңғы жаңалықтар