Щучьеде спорттық биден халықаралық турнир жеңімпаздары анықталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Щучье қаласында «BURABAY - 2018» спорттық бал биі бойынша халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Халықаралық жарысқа Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь және Өзбекстанның 700-ге жуық бишісі қатысып, бақ сынады.

«Қатысушылар 2 күн бойы еуропалық (баяу вальс, танго, вена вальсі, факстрот және квикстеп) және латын америкалық би (самба, ча-ча-ча, румба, пасодобль және джайв) үлгілерін көрсетті. Жеңімпаздар жұп, ырғақ, сызық, тепе-тендік, әртістік, аяқпен жұмыс сияқты критерийлер бойынша анықталды. Жарысқа  34 адамнан тұратын қазылар алқасы төрелік етті. Турнир қорытындысы бойынша алматылықтар жеңімпаз атанса, Ақмола облысының бишілері екінші орын алды. Ал, үшінші орынға қостанайлықтар лайық деп танылды», - деп атап өтті Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

nullСонымен қатар, турнир аясында жасөспірімдер арасында ҚР Ресми Кубогы, барлық жастағылар арасында ҚР Федерация біріншілігі және Ақмола облысының ашық чемпионаты ұйымдастырылды.

Жарыс ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Ақмола облысының спорттық би федерациясы және «Реверанс» спорттық би клубының ұйымдастыруымен өткізілді.

 null 

Соңғы жаңалықтар