Щучьеде Шыңғыс Темірбековті ұрып-соғып өлтірген күдіктінің үстінен іс қозғалды
Ведомстводан атап өткендей, 23 мамырда Щучье тұрғыны Шыңғыс Темірбековтің денсаулығына ауыр дене жарақатын салу бойынша ҚР ҚК 106-бабының 1- бөлігі бойынша (денсаулығына қасақана ауыр залал келтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынған болатын. Кейін 25 мамырда осы іске қатысты күдікті Бурабай аудандық ПБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Ал, 27 мамырда Бурабай аудандық соты күдіктіге қатысты «үй қамаққа» алу туралы санкция қолданды.
«Зардап шегушінің өліміне байланысты 2020 жылғы 30 мамырда қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігіне (Абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған, денсаулығына қасақана залал келтіру) ауыстырылды. Күдікті Бурабай аудандық ПБ уақытша ұстау оқшаулағышына қайта қамалды. Қылмыстық іс ПД бастығының бақылауына алынды», - деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына ПД баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, осы оқиғаға қатысты бірқатар БАҚ көздерінде марқұмның экс әкім екені хабарланған еді.
Фото: khabar.kz