Щучьеде медицина қызметкерлеріне арналған тұрғын үй салынады

Автор:  
Аслан Оспанов

Щучьеде медицина қызметкерлеріне арналған тұрғын үй салынады

ЩУЧЬЕ. ҚазАқпарат - Бурабай ауданының Щучье қаласында медицина қызметкерлеріне арналған көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаевтың айтуынша, 2021 жылы Щучье қаласында Қанай-би және Геологическая көшелерінің бойында, Қатаркөл кентіне шығатын айналма жол аумағында 45 пәтерлі үш тұрғын үйдің құрылысы басталды. Аталмыш тұрғын үйде 1,2 және 3 бөлмелі пәтерлер қарастырылған. Сонымен бірге, үй ауласында балалар алаңы мен автотұрақ салу жоспарланған.

«Пәтер кезегінде тұрғандар мен халықтың әлеуметтік осал топтарын «Бақытты отбасы» тәрізді мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспанамен қамту жоспарланған. Сонымен бірге, бұл пәтерлердің бір бөлігі «Отбасы банктің» кезекте тұрған салымшыларына беріледі. Бұл тұрғын үйлердің алғашқысын 2022 жылдың 4-тоқсанында тапсырылады», - деді Әсет Мұздыбаев.

photo

photo

Бүгінгі таңда 5 қабатты бес тұрғын үйді жобалау аяқталды, қаржыландыруға өтінім берілді, тағы бес үй жобалау сатысында тұр. Сондай-ақ, 9 қабатты үш үй сараптама кезеңінен өтеді. Осы 13 тұрғын үйдің барлығы Заречный шағын ауданда салынады.

«Жақын арада медицина қызметкерлеріне арналған тұрғын үйдің құрылысы басталады, осы жоба бойынша келісім жасалды», - деп толықтырды аудан әкімі.

photo

photo

photo





Серіктестер жаңалықтары