Щучьеде биатлоннан ҚР чемпионаты өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Щучье қаласында биатлоннан ҚР чемпионаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жарысқа еліміздің әр өңірінен жиналған кілең мықты 100-ден астам спортшы қатысты.

Жас биатлоншылар жекелей жарыс, масстарт және эстафета кезеңдері бойынша сынға түсті.

«Чемпионат қорытындысы бойынша ақмолалық спортшылар 5 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль иеленді. Жалпы, командалық есеп бойынша 884 ұпай жинаған Шығыс Қазақстан облысының құрамасы бірінші, одан кейін 765 ұпаймен Ақмола облысының құрамасы екінші және 402 ұпай жинаған Павлодар облысының құрамасы үшінші орын иеленді», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Соңғы жаңалықтар