Щучьеде анасы мен 2 баласын құтқарған өрт сөндіруші марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі Қанат Қарауылов анасымен бірге екі баласын құтқарған 24 жастағы өрт сөндіруші Нұрсұлтан Қабеновті марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрсұлтанның айтуынша, қарашаның 13-нен 14 -не қараған түні Щучьедегі Садовой көшесі бойындағы тұрғын үйден өрт шыққан.

«Коттедждің өрт шыққан туралы хабар түсті. Мен сол күні кезекшілікте едім. Араға 4 минут салып, біз оқиға орнына жеттік. Ас бөлмесінен басталған өрттен үйдің бірінші қабатын түтін басып, екінші қабатына тарай бастады. Ал, екінші қабатта анасы мен балалары болды. 5 және 3 жастағы балалары ұйықтап жатты. Мені көргенде балалары не болғанын өздері де түсінбей қалды. Әріптестерімнің көмегімен алдымен балаларды, кейін анасын сыртқа шығардым. Ал, әріптестерім газ балонын алып шықты», - деп түсіндірді бүгінгі күннің батыры Нұрсұлтан.

24-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің  өрт сөндірушісі осыған дейін де бірнеше мәрте адамдардың өміріне араша түскенін, ал балаларды құтқару оқиғасы бірінші рет басынан өткергендігін айтуда.null 

«Адамдар құтқару оқиғасы бізде жиі кездеседі. Кейде адамдардың бір жерге қыстырылып қалуы сияқты оқиғалар болып тұрады. Кейде көптен көрінбей кеткен жалғыз басты қариялардың көршілері хабарласады», - дейді Нұрсұлтан.

Ол өзінің әрекетін ерлікке баламайды, керісінше, міндеті деп есептейді. Және иық тірестіріп, бірге жұмыс істеп жүрген әріптестеріне алғысын білдірді.

«Меннің өз әріптестеріме деген алғысым шексіз. Олардың ерлігі мен мамандығына деген адалдығына бас иемін» - деп толықтырды Нұрсұлтан.

Соңғы жаңалықтар