Щучье тұрғыны бұрын өзімен бірге тұрған жігітті бопсалап, 150 мың теңге ақшасын алып отырған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай ауданында бұрын өзімен бірге тұрған жігітті бопсалап, 150 мың теңге ақшасын иемденген 41 жастағы әйел қолға түсті.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Бурабай аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне 28 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, бұрынғы танысы бопсалау және қорқыту арқылы ақшасын алып отырғанын айтқан. Жедел-іздестіру шарасы барысында Бурабай аудандық ҰҚКБ қызметкерлері Щучье қаласының тұрғыны, 41 жастағы әйел мен оның әріптесін қолға түсірді.

Кейін анықталғандай, күдік әйел зардап шегушiнің танысы болып шықты. Бұрын екеуі бірге тұрған. Күдікті өзінің әріптесімен зардап шегушiні қылмыс жасадың деп бопсалап, 150000 теңге көлемінде ақша алып отырған. Талабын орындамаса полицияға хабарласатынын немесе күш қолданатынын айтып қорқытқан.

Осылайша, жиі келіп, мазасыз алып тұратын «бұрынғысының» әрекетіне шыдамаған жігіт полицияға хабарласқан.

Қазіргі кезде, күдікті кінәсі мойындап, үстінен ҚР ҚК 194-бабының 1-бөлімі бойынша (алаяқтық» қылмыстық іс қозғалды», - деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар