Щучье көлінде катамаран аударылып, төрт адам суға батып кете жаздады

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Бурабай ауданындағы Щучье көлінде екі кісіге арналған катамаран аударылып, төрт адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, шілденің 27-сінде Щучье қалалық құтқару станциясына Щучье көлінде катамаран батып бара жатқандығы туралы хабарланған.

«Шақыру орнына үш адамнан тұратын құтқарушылар тобы жетті. Анықталғандай, екі кісіге арналған катамаранға төрт адам отырған. Сол себепті, қайық аударылып, суға батып кеткен. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар зардап шеккендерді қайыққа салып, жағаға шығарды. Төрт демалушының да жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж емес», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, Ақмола облысында шомылу маусымы басталғаннан бері барлығы 38 адам құтқарылды, оның екеуі - бала, сондай-ақ, жеті адам көз жұмды.

Еске ала кетейік, бұдан бұрын Бурабайда төрт адам судан құтқарылған еді.


Соңғы жаңалықтар