Щучье қаласында кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды - Ақмола облысы

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай ауданында кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды. Бұл туралы "Ақмола медиа орталығынан" хабарлады.

Щучье қаласындағы тұрғындарға қызмет көрсету орталығының ғимаратында аудандық кәсіпкерлікті қолдау орталығының ашылуын мамандар өңірде кәсіпкерліктің өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді деп отыр. Салтанатты шараға «Даму» қорының, Кәсіпкерлік палатасының облыстық және аудандық филиалдарының басшылары қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Олар өз сөздерінде алдағы уақытта Бурабай ауданының кәсіпкерлері мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау тетіктері бойынша кеңес ала алатынын атап өтті.

Орталықтың негізгі мақсаты кәсіпкер боламын деген ауыл тұрғындарының қолдарына алған ісін жүзеге асыруға, сондай-ақ, жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің бизнесін дамытуға қолдау көрсету болып табылады. Осы орайда, орталықтың кеңесшілері Олжас Қабдулов пен Арман Байбұров кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» және «Агробизнес - 2020» бағдарламалары бойынша қолдау алуға көмектеседі.

Өңір экономикасының дамуы шағын және орта бизнестің дамуымен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда ауданның шағын бизнес саласында 21 мың адам жұмыс істейді. Мұнда шағын бизнестің 637 кәсіпорыны тіркелген. Бүгінгі күні орталық қалалық және селолық кәсіпкерлер үшін ауадай қажет. Мұнда әркімнің өз уақытын шығындап, облыс орталығына бармай-ақ бизнесті жүргізудің мәселелері және кәсіпкерлерді қолдау бойынша нақты ақпарат алуға мүмкіндіктері бар.

Соңғы жаңалықтар