Щучье қаласында 75 пәтерлі тұрғын үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биыл жылдың соңына дейін Щучье қаласында 75 пәтерлі тұрғын пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің Бурабай ауданына жұмыс сапары барысында айтылды.

Аймақ басшысы алдымен Щучье қаласында жаңадан салынып жатқан 75 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын қолға алған мердігерлермен өткен кездесуде нысанды жыл соңына дейін салып бітіру мәселесі сөз болды.  Осы орайда, аймақ басшысы аудан басшылығы мен мердігерлерге қайткен күнде де нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беруді тапсырды.

Еске сала кетейік, аталған тұрғын үйдің құрылысы 2013 жылы қолға алынған болатын. Оның құны жоба бойынша  859,7 миллион теңгеге бағаланып отыр.

Одан әрі аймақ басшысы Бурабай кентіндегі дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты. Облыс әкімі курортты аймаққа жылына 1 000 000 астам туристердің келетінін айта келе, алдағы келешекте медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында жергілікті емхананы жөндеу керектігін атап өтті.

«Келешекте осында жекеменшік клиника салуды ойластыру қажет, сондай-ақ, әлеуметтік жағынан аз қамтылған халыққа дәрі-дәрмекті жеңілдікпен жіберуді қарастырған маңызды», деді С.Кулагин.

Айта кетейік, Бурабай кентіндегі дәрігерлік амбулатория осы күні 6 000 астам тұрғынға қызмет көрсетуде. Оған қоса, осында демалуға келетін отандық және шетелдік туристерге де медициналық көмек көрсетіледі.

null 

Соңғы жаңалықтар