Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытуда пысықталатын мәселелер бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту бағытында пысықталатын мәселелер бар. Бұл туралы ҚР Президенті Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев телеграм каналында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Щучье-Бурабай курорттық аймағы – жерлестеріміз бен шетелдік туристер арасында әйгілі демалыс орындарының бірі. Курортты дамыту, инфрақұрылымын жетілдіру және орманның қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісімен біздің ведомствоға қарасты ұйымдар – «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және «Бурабай Даму» ЖШС айналысады. Осы екі кәсіпорын ұжымымен кездесу барысында әріптестер атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, жоспарларымен бөлісті, сонымен қатар толғандырып жүрген ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Атап айтқанда, медициналық қызмет көрсету, мамандардың біліктілігін арттыру, балаларының жазғы демалысын ұйымдастыруға қолдау көрсету мәселесі әңгімеге арқау болды. Кездесу барысында бірқатар сұрақтарға жауап берілді. Дегенмен, қосымша нақтылауды қажет ететін сауалдар да бар. Оларды пысықтап, жақын арада жауап береміз», - деп жазады Айбек Дәдебаев.


Соңғы жаңалықтар