ЩБКА дамыту мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңі бойынша 47,6 миллиард теңге қаржы бөлу көзделген

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Щучье-Бурабай курортты аймағын дамыту мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңі бойынша бюджеттен 47,6 миллиард теңге қаржы бөліп, 85 іс шара жүзеге асыру жоспарланған. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің қатысуымен Бурабай ауданында өткен Щучье-Бурабай курортты аймағын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру барысы бойынша кеңейтілген мәжілісте айтылды.

Мәжіліс барысында аталған бағдарламаның бірінші кезеңі - 2012-2013 жылдары атқарылған жұмыстарының қорытындысы шығарылып, екінші кезеңі - 2014-2016 жылдарға белгіленген міндеттер мен алдағы жоспарлары талқыланды.

Еске сала кетейік, Щучье-Бурабай курортты аймағын (ЩБКА) дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы Үкімет қаулысымен ЩБКА дамыту 2012-2013 жылдарға арналған бірінші кезеңі қабылданған болатын. Осы бойынша бюджеттен 17,8 миллиард теңге қаржы бөлініп, оған 83 бірінші кезектегі іс шараларды жүзеге асыру көзделген болатын.

Ал, 2014-2016 жылдары ЩБКА дамыту мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңі бойынша 47,6 миллиард теңгеге 85 іс шараны жүзеге асыру жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар