SCAT: Шымкент-Астана бағытындағы рейс 5 сағатқа кейінге шегерілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент әуежайында ұшу уақыты кейінге шегерілген рейстердің жолаушыларына қонақүйден орындар мен ыстық тамақтар берілуде. Бұл туралы SCAT әуе компаниясының баспасөз хатшысы Виктория Ульянова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Виктория Ульянованың сөзінше, ұшу уақыты кейінге шегерілген Шымкент-Алматы бағыты бойынша әуе кемесі бүгін сағат 12:00-де ұшып кеткен. Ал, Астана бағыты бойынша ұшу уақыты кешкі сағат 19:00-дер шамасына жоспарланып отыр. Белгілі болғандай, Шымкент-Астана бағытындағы рейс 4,5 сағатқа шегерілген. Ал, Алматы бағыты бойынша ұшақ 5 сағатқа кешіккен.

«Әзірге қандай да бір өзгерістер болатыны туралы нақты ақпарат жоқ. Астана бағыты бойынша ұшу сол 19.00-ге жоспарланып отыр. Дегенмен реистердің ұшу бағыты бойынша өзгерістер болып жатса, біз жолаушыларға алдын ала хабарлайтын боламыз»,- дейді Виктория Ульянова.

Еске салайық, бүгін Шымкенттегі ауа райының қолайсыздығынан бірнеше рейстердің ұшу уақыты кейінге шегерілген болатын. SCAT әуе компаниясының ұшақтарымен қатар Air Astana әуе компаниясының да Шымкенттен Астанаға қатынайтын KC352 және Алматыға ұшатын КС 972 рейстері уақытша тоқтатылған еді.

Соңғы жаңалықтар