SCAT рейстердің кешіктірілуіне түсіністікпен қарауды сұрайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жолаушылар Жезқазғанда рейстердің кешіктірілуіне және SCAT әуе компаниясының ескі ұшақтарына шағым айтып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі. 

Фейсбук әлеуметтік желісінің қолданушысы Бақыткелді Ниязбеков Жезқазғанда рейстің бір күнге кідіріп, кейін ескі АН-24 ұшағының келгенін мәлім еткен.

«4 жыл бұрын осы АН әуе кемесіне мінгенімде, баратын жеріме жеткізе ме деген күмәнмен ұшып барған едім. Сол рейсте де жолаушылар жанжал шығарып, SCAT-тан қалыпты бортты талап еткен болатын. Компания жаз маусымында ұшақтар жетіспей жатқан кезде танымал емес бағыттарға сол бұрынғы АН ұшағын жібереді. Жезқазған бұрынғы облыс орталығы болғанымен, еліміздің бюджетіне мыс арқылы үлкен табыс түсіріп отырған қала. Жалпы, АН-24 - сенімді ұшақ деп айтады, бірақ мұндай ескі әуе кемесін қолданыстан шығарған дұрыс. Себебі, жыл өткен сайын тек темір емес, адамдар да шаршайды», - деп бөлісті ол өз пікірімен.

Бұл жағдайға SCAT компаниясы пікір білдіріп, таяуда бұл мәселені шешуге уәде етті.

Баспасөз қызметінің дерегі бойынша, әуе компаниясының кестесінде ішкі маршруттарда біршама рейстердің кешігуіне байланысты SCAT түрлі әуе кемелерімен тұрақты түрде әртүрлі бағыттарға ұшатын бірқатар қазақстандық әуе компанияларымен шарт жасасқан.

«Әуе компанияларының бірінің паркінде АН-24 үлгісіндегі әуе кемесі бар. Әуе компаниясы шарт жасасардың алдында компания парктерінің техникалық жағдайын тексеріп, содан кейін ғана келісім жасады. Жолаушылар әуе кемесінің үлгісін ауыстыруды уақытынан бұрын ескертуде. SCAT әуе компаниясы басқа әуе компанияларымен келісім жасап, ұшу кестесіндегі ақауларды қалпына келтіріп жатыр. Таяу уақытта бұл жағдай бірқалыпқа келтіріледі. Әуе компаниясы жолаушылардан кешірім сұрап, болған жағдайға түсіністікпен қарауларын сұрайды», - деп хабарлады баспасөз қызметінен. 

Соңғы жаңалықтар