SCAT компаниясы Алматы-Астана бағытындағы рейстердің неге ұшпағаны жайлы түсініктеме берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - SCAT әуе компаниясы рейстердің бөгелуіне байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, ұшып шығу жүйесінде техникалық ақау пайда болған.

«Алматы-Астана бағытындағы екі рейс ұшпайтын болды. Мұндай проблемалар өткен аптадан басталды. Ұшақтардың ұшу кестесі жасалған. Бір ұшақ кешіксе де бүкіл кестеге әсер етеді. Бұл жолы техникалық ақаудың кесірінен ұшақтар кешіге бастады. Жаппай кешігу немесе ұшпау деректері тіркеліп жатқан жоқ», - деді  SCAT әуе компаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Виктория Старожилова.

Сонымен қатар, аталған рейске билет алған жолаушылар билет құны толығымен қайтарылады.

Айта кету керек, SCAT әуе компаниясының жолаушылары Алматыдан Астанаға бағытталған рейстердің ұшпауына байланысты наразылық білдірген болатын.

Соңғы жаңалықтар