SCAT екі айда 900 рейсті кешіктірді - Азаматтық авиация комитеті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті жүкті уақытылы жеткізбеуге қатысты жолаушылардың шағымы жиілеуіне байланысты Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында халықаралық рейстерді орындайтын барлық авиакомпаниялардың өкілдерімен отырыс жүргізілді.

Комитеттің Фейсбуктегі парақшасында хабарланғандай, жиын барысында 23 шілдедегі жүкті уақытылы жеткізбеуге қатысты «Аэрофлот» және «Россия» авиакомпанияларының өкілдері және рейстер кестесінің орындалмауына қатысты «SCAT» авиакомпаниясының өкілінің уәждері тыңдалды.

«Аэрофлот» авиакомпаниясы өкілдігінің басшысы Владимир Кушниренконың ақпаратына сәйкес, жүк жеткізудің орындалмауы ресейлік әуежайларында жүкті өңдеу жүйесінің бұзылуынан орын алған және қазіргі уақытта авиакомпания ішкі тергеу жүргізіп, мұндай жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды. Мұнымен қоса, жүкті жеткізудің орындалмауын төмендету шаралары бойынша «Авиакомпания «Россия» АҚ өкілі Алмас Мамилиннің ұсыныстары тыңдалды.
Сонымен қатар, кездесу барысында «SCAT» авиакомпаниясының рейстерінің кешігуі мен болмай қалуы жағдайлары да ортаға салынды. «SCAT» Авиакомпаниясы» АҚ Филиалының директоры Ирина Лупундюктың сөзіне сәйкес, рейстер кешігуі мен орындалмай қалуы 14-16 шілде аралығында компанияның бірнеше әуе кемесінің ақауына байланысты орын алған (маусым айында 2 259 рейс орындалды, оның 420 рейсі кешікті, шілде айында 1 826 рейс орындалды, оның 470 кешікті).
Кездесу нәтижесі бойынша авиакомпанияларға жүкті жеткізудің қателсуінің алдын алу бойынша шараларды қабылдау мен рейстер кешігуі мен орындалмай қалған жағдайда барлық тиісті қызметті көрсету қажеттілігі бойынша нұсқаулық берілді.

Соңғы жаңалықтар