SCAT әуе компаниясы Шарм-эш-Шейх бағытындағы рейстерін тоқтатты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - SCAT әуе компаниясы Шарм-эш-Шейх бағытындағы рейстерін тоқтатты. Бұл туралы компанияның баспасөз хатшысы Виктория Ульянова айтты.

«Қазақстандағы бірқатар жетекші туроператорлардың өтінішін, бұл бағытқа сұраныстың түсіп кетуін әрі ҚР азаматтық авиация комитетінің ұсыныстарын ескере отырып, SCAT әуе компаниясы 17 қарашадан бастап Алматыдан Шарм-эш-Шейх бағытына ұшатын рейстерін тоқтатты», - деді ол. 17 қарашада «Шарм-эш-Шейх-Алматы» бағытындағы соңғы DV-456 рейсі 7 қарашада Египетке ұшқан туристерді қайта алып келеді. Бұдан бұрын әлемдегі ірі тасымалдаушылар Emirates, Lufthgansa және Air France-тің Синай түбегінің үстімен ұшуды тоқтатқаны хабарланған еді. «Когалымавиа» әуе компаниясының Шарм-эш-Шейхтен Санкт-Петерборға ұшып бара жатқан Airbus A321 лайнері Синай түбегінде құлаған, апаттан 224 адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар