СБЕР тобымен ешқандай заңды қатынас жоқ - министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – СБЕР тобымен электронды платформаны жүзеге асыруға қатысты ешқандай заңды қатынас жоқ. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, министрлік тәуекелдерді, оның ішінде геосаяси ахуалды ескере отырып бағалау жүргізіп жатыр. Сонымен қатар эксперттік орта мен қоғамдастық пікірі ескерілуде.

«Бүгінде СБЕР тобымен платформаны жүзеге асыру бойынша ешқандай заңды қарым-қатынас жоқ. Министрлік қарастырып отырған басым шешімдердің бірі – мұндай жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі бар сарапшыларды тарта отырып, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ұлттық операторы, отандық ІТ-компаниялар ресурстары негізінде цифрландыру үшін платформа құру», - деп атап өтеді ведомстводан.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбақин Қазақстан ресейлік «СБЕР» платформасынан бас тартқанын айтқан еді.

Бұған дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Сбербанкпен арадағы цифрлық платформаның орнына отандық жоба іске асырылуы мүмкін екенін айтқан болатын. «Геосаясаттың салдарынан біз әлі шешім қабылдаған жоқпыз. Яғни одан бас тартамыз ба немесе басқа технологияға көшеміз бе деген мәселе пысықталып жатыр. Бірақ палатформаға көшетініміз анық. Осы орайда өзіміз жасаған жүйе де болуы мүмкін. Біз бір жылдың ішінде тиісті талдау жұмыстарын жүргіздік. Өзіміз жасаған платформаға белгілі бір уақыт пен қаражат керек болады. Талқылау аяқталған соң, бір айдың ішінде толық ақпаратты жариялаймын», - деген еді Бағдат Мусин.


Соңғы жаңалықтар