Сайран жолында асфальт опырылып кетті - Алматы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Төле би көшесінің Сайран көліне жақын маңдағы жол опырылып кетті. Көшенің бір бағытын алған үлкен шұңқырдың видеосы бүгін таңертең Instagram Kris_p паблигінде жарияланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін «Алматы жылу желілері» ЖШС аталған бейнекадрға қатысты түсінік берді.

Олардың айтуынша, асфальт жылу трассасының сильфоны компенсаторының үстіндегі асфальт плитасының қозғалуынан опырылып кеткен. Төтенше жағдайдың кесірінен Төле би көшесінің бойында бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды.

Алматы жылу желілері бұл олқылықты 20 сағат ішінде қалпына келтіруге уәде берді.

Апатты «Ария Жаңа Астана» ЖШС кепілдік міндеттеме аясында қалпына келтіреді. Бұл компания былтыр осы аймақта жылу магистралі салынған соң реконструкция жұмыстарын атқарған.

Мердігер компания күн жылыған соң жол жабындысын толық төсейді.

Тексеру жұмыстарының қорытындысына сәйкес құрылыс ұйымына айыппұл салынады.

Соңғы жаңалықтар