«Сайран» өзенінің айналасын абаттандыру келер жылы да жалғасады - Бауыржан Байбек

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Сайран» өзенінің айналасын аралап, келер жылы да абаттандыру жұмыстарын тоқтатпауды тапсырды. Бұл туралы қала әкімдігі баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл су қоймасының батыс бөлігінің беткейлері реттеліп, сатылы түсу жолы жөнделіп, 7 га жерге гүлзар төселді. Сонымен қатар жарық көздері орнатылып, асфальт жөнделіп, балалар және спорт алаңдары көркейтілді. Шығыс бөлікте көше жиһазы қойылып, жаңадан 130 жарық бағаналары орнатылды. Воркаут-алаң мен жағалау волейболының алаңы жасалды. Жүгіру мен велосипед тебуге арналған 5 шақырым жол салынды», - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мегаполис әкімі келер жылы да өзен маңын абаттандыру жұмыстарын жалғастырып, аудан әкімдіктеріне өзенге жақын аумақтарды көріктендіру, спорт және балалар алаңдарының санын көбейтуді тапсырған.

Айта кету керек, Алматыда биыл 524 көше жөнделіп, 1400 ескі аула жаңарған. 300 шақырым арық салынып, 800 шақырым инженерлік желі тартылды.

Қаланың барлық жер асты өтпелі жолы жаңарды. Жыл аяғына дейін көше жарықтарының үштен бірі жарық диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылмақ.

Соңғы жаңалықтар