«Сайран» автовокзалы бастапқы қалпына келтіріледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасында «Сайран» автовокзалының қайта жөндеуден кейінгі көрінісі мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Автовокзал аумағында көлік логистикасы салынып, вокзал маңын мен жаяу жүргінші аумағы кеңейтіледі. Жоба бойынша субұрқақтар, автотұрақтар, жасыл аймақ пен балалар алаңын салу қарастырылған.

Сондай-ақ вокзал алаңындағы заңсыз құрылыстарды жою жоспарланған.

«Жанармай құю стансасы мен көлік жуатын орынды бұзу туралы келісім жасалды. Басты міндет - автовокзал ғимаратын бастапқы қалпына келтіру»,- деп мәлім етті басқармада.

Автовокзалда түбегейлі өзгерістер болмайтындықтан, ғимараттың сыртын өзгерту әзірге жоспарда жоқ.

1983 жылы салынған, 60 мың шаршы метрде орналасқан автовокзалдың 7 мың шаршы метр аумағы жөндеуден өтпек. Вокзалдың алдыңғы жағын ағаштар тасалап қалмасы үшін, ол жерге тал егілмейді.

Айта кетсек, маусым айында «Сайран» автовокзалы ғимаратының Алматы қаласының тарихи мәдение мұрасына кіретіндігі айтылған еді.

Соңғы жаңалықтар