Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Сайрамның жиһаздары Әзербайжан мен Өзбекстанға экспортталып жатыр

2019 жылғы 1 сәуір 22:49 647
Бөлісіңіз:
Сайрамның жиһаздары Әзербайжан мен Өзбекстанға экспортталып жатыр

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен  Сайрам ауданында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Инвестор Солтүстік Қазақстанда майлы дақылдарды өңдейтін үлкен зауыт салмақ Төлеби ауданында шоколад өндірісі қолға алынған

Ақсу өзені бойын абаттандыру жұмыстарымен танысқан соң өңір басшысы «Сайрам сүт» ЖШС-не барды. 50 адам жұмыс істейтін кәсіпорын тәулігіне 20 тонна сүт өнімдерін өндіреді. Өмірзақ Естайұлы аудан басшысына аталған кәсіпорынға субсидия алу бойынша жеңілдіктерді талапқа сай қарастыру қажеттігін тапсырды.

Сондай-ақ, облыс әкімі Сайрам ауданы, Манкент ауылындағы  «Балым-ай» балабақшасының жұмысымен танысты. 2019 жылы іске қосылған балабақшада бүгінде 280 бала тәрбиленуде. Онда 70 адам жұмыспен қамтылған.

Сайрам ауданы ет экспорттаудан көшбасшылар қатарында екені жұртқа мәлім. Аудандағы ет өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың бірі -  Манкент ауылында орналасқан «Ет Агро Манкент» СТК. Кәсіпорын мал бордақылау, ет өндіру, мал сою және ет сақтаумен айналысады. Жобаның қуаттылығы -  тәулігіне 20 тонна. Өндіріс орнының жұмысымен танысқан облыс әкімі ет экспорты бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұрғанын атап өтіп, әлі де экспорт көлемін арттыру керектігін айтты.  

Одан бөлек, облыс әкімі Сайрам ауданындағы «Bella Mebel» жиhаз өндіретін фабрикасының жұмысымен де танысты. Бүгінгі таңда фабрикада 120-ға жуық адам жұмыс істейді. Жалпы фабриканың өнімдері тек қана Қазақстанға ғана емес, Әзербайжан, Өзбекстан мемлекеттерінде де үлкен сұранысқа ие. Өткен жылы фабрика 496,4 млн теңгенің өнімін өндірген, биыл өнім көлемін арттыру жоспарланып отыр. Өмірзақ Естайұлы кәсіпорын иесіне Түркістан қаласындағы индустриалды аймақтан жиhаз фабрикасын салуды ұсынды. Кәсіпкер аталған идеяны тез арада қолға алатынын жеткізді.

Жұмыс сапары соңында Ақсу ауылындағы «Асыл ЛТД» ЖШС-нің жетістіктерін көрген облыс басшысы тек ұн өндірумен тоқталып қалмай, бидай өнімін әртараптандыру керектігін айтты. Бүгінде тәулігіне 3000 тонна ұн шығаруға қабілетті диірменнің ұны елімізбен қатар Өзбекстанға экспортталып жатыр. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT