Сайрамда жұрттың ақшасын алаяқтықпен алған күдіктілер ұсталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Сайрам ауданында тұрғындарды «әлеуметтік көмек алуға, жұмысқа орналасуға көмектесемін» деп алдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Сайрам ауданының тұрғыны полиция басқармасына бір танысынан алданып қалғаны жөнінде арызданған. Оның айтуынша, күдікті әлеуметтік көмек алып беремін деп оның 15 мың теңгесін алдап алған.

«Жедел-іздестіру шараларының барысында күдікті деген жергілікті тұрғын ұсталды. Тергеу барысында оның бірнеше алаяқтық іске қатысы бар екені анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгеге жеткен. Қазіргі кезде аталған жәйт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілміне тіркелді. Тергеу бойынша жинақталған материалдар сотқа жолданды», делінген хабарламада.

Тағы бір алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікті Сайрам ауданында ұсталды. Жедел-іздестіру шараларының барысында оның Түлкібас ауданы тұрғынының сеніміне кіріп, жұмысқа орналастырамын деп алдағаны анықталған. Сол арқылы жәбірленушінің 120 мың теңгесін алып қойған. Қазіргі кезде аталған айғақ бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Соңғы жаңалықтар