Сайрамда суицид жасаушылар көбейген

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Сайрам ауданында суицид жасаушылар көбейген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы уақытта аудан тұрғындары арасында суицид жағдайының тіркелу саны артты. Биылғы жылдың 7 айында 54 тұрғын өз өмірін қиюға оқталған. Оның ішінде 17-сі өз-өзіне қол салса, 37-сі аман қалған.

Бүгін аталған мәселе аудан әкімі Ұласбек Сәдібековтің төрағалығымен өткен жиында қаралды.

Денсаулық сақтау, білім беру, құқық қорғау саласының басшылары тарапынан келеңсіз жағдайдың себептері мен алдын алу мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Жиынның қорытындысына сәйкес, тұрғындардың келеңсіз жағдайға бармауын, осыған бейім жастар, сонымен қатар отбасында зорлық-зомбылық көрген, тұрмысы төмен жандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жан-жақты зерделеу керектігі айтылды.


Соңғы жаңалықтар