+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Сайрамда «нұротандықтар» жалғызбасты анаға үй салып берді

2020 жылғы 7 ақпан 14:41
Бөлісіңіз:
Сайрамда «нұротандықтар» жалғызбасты анаға үй салып берді

АҚСУКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жалғызбасты ана баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде волонтерлер 70-тен асқан қарттарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуде Birgemiz: Атырау облысында кәсіпкер 45 отбасына азық-түлік таратты «Біз біргеміз» акциясы аясында елорда тұрғындарына көмек көрсетілуде

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарасу ауылының тұрғыны мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты ана Дариға Аманбаеваға «Nur Otan» партиясы Қарасу бастауыш партия ұйымы төрағасының ұйымдастыруымен баспана салып берді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков қуаныш иелерінің шаңырағына барып, отбасының бүгінгі тұрмыс-тіршілігін көрді.

Мүмкіндігі шектеулі бала өсіріп отырған 3 баланың анасы қонақтарды шашу шашып қарсы алып, алғысын білдірді.

«Қамқорлық деген - қанымызда бар асыл қасиет. Жанашыр бола білуді, жүрек жылуымен қол ұшын созуды адамның азаматтық парызы деп білуіміз керек. Қолынан келгенше ел болып, бауыр болып, көрші болып бір-біріне аяққа тұруға қолғабыс бола білген жөн. Қуаныштарыңызды көріп, толқып тұрмын», – деді жаңа қоныс иелерімен қауышқан облыс әкімі.

Түркістан облысында жүзеге асып жатқан «Қамқорлық» бағдарламасы өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж, көңілі жарым жандарға қол ұшын беруді меңзейді. Жақсы іске жанашыр ізгі ниетті, ақ тілеулі азаматтар әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж жандарға тұрмысқа қажетті заттарын, көмір, отынын молынан үйлестіруде.

Жақын уақытта Қарасу елді мекенінің тағы бір отбасы тұрғын үй тауқыметінен құтылады. Қамқорлықты қажет ететін Абдуалиевтер отбасына үй салынуда. Аталған жұмысқа бастауыш партия белсенділері, ауыл тұрғындары, мәслихат депутаттары демеушілік жасауда.

«Қамқорлық» бағдарламасы аясында нұротандықтар алдағы уақытта көмекке мұқтаж отбасыларға баспана салып беруді жалғастыра береді.

Жалпы, облыс бойынша 2 мыңға жуық отбасына жоба аясында жан-жақты қамқорлық жасалмақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT