Сайрамда елді мекендер толықтай орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған

САЙРАМ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Сайрам ауданының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында биыл 4 елді мекеннің тозығы жеткен ауыз су жүйелері орташа жөндеуден өткізілген.
Нәтижесінде ауданның 42 елді мекені 100% орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінде аудандағы 12 елді мекенде табиғи газ жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталған. Көгілдір отын берілген жағдайда 27 164 тұрғын табиғи газбен қамтылмақ. Ал қазіргі таңда 5 елді мекенге газ беру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, биыл автомобиль жолдарын дамытуға республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, ұзындығы 89,9 шақырым болатын 45 жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселген. Бүгінгі таңда 45 нысанда жөндеу жұмыстары аяқталған. Тағы облыстық маңызы бар «КХ-3- Көксәйек - Шаян - Аққала - Сарқырама» жолының 5 шақырымы жөндеуден өтіп, нысан 2021 жылға өтпелі болып отыр.
Жыл қорытындысы бойынша пайдаланылатын жолдардың сапа үлесін 52,7%-дан 59,4%-ға дейін арттыру көзделуде.
- Биыл Алматыдағы қисайған 17 көпқабатты үйдің іргетасы нығайтылады
- Маман лифтілерді пайдаланудың талабына қатысты кеңес берді
- Түркістан облысында жабық базарлардың қызметі демалыс және мереке күндері тоқтатылды
- Биыл Қазақстандағы 793 елді мекенде сумен жабдықтау жүйелері салынады
-
Сарыағаш ауданында жарты миллиард теңге бизнеске бағытталды
-
Сарыағаш ауданында «Қыз ұзату» тойын жасағандарға айыппұл салынды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам