Сайрамда 60 көше жөндеуден өтіп жатыр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Сайрам ауданында елдімекендердің ұзындығы 59 шақырымды құрайтын 60 көшесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аудан орталығы Ақсукентте - 33 көше, Ақбұлақ, Қарасу және Манкент ауылдарында - 6, Қарамұрт елді мекенінде - 3, Жібек жолы ауылында 2 көше жөнделу үстінде.

Қазіргі таңда Сайрам ауданынан өтетін облыстық маңызы бар бірқатар автомобиль жолдары облыстық коммуналдық меншіктен аудан қарамағына қабылданып, тиісті құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр.  Сондай-ақ, ауыл әкімдіктері есебінен қаралған 155,5 мың теңгеге Ақсукент, Қарасу, Қарабұлақ, Манкент ауылдарында ұзындығы 13,5 шақырым болатын 21 көше орташа жөндеуден өткізілді. 

Бұдан өзге, аудан көлеміндегі апатты жағдайда тұрған 3 көпірді жөндеуге аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, ағымдағы жылы толық пайдалануға берілді. 

Соңғы жаңалықтар