Сайрамда 50 жылдық мерейтойға жиналғандар үйді-үйіне қайтарылды

None
None
АҚСУКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 50 жылдық мерейтой анықталып, тарқатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Түркістан облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы негізінде, карантин режиміне бірқатар шектеу шаралары енгізілген.

Осы талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында Сайрам АПБ қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдардан мобильді топтар құрылып, қарқынды жұмыс жүргізуде.

Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 425-бабын бұзу бойынша Сайрам ауданында жыл басынан бері 114 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Оның барлығының іс-құжаттары Сайрам аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді.

Мәселен, осы бағыттағы жұмыс барысында полицейлер Сайрам ауданы Манкент ауылы Айнабұлақ көшесінде орналасқан «Ақтілек» тойханасында 50 жылдық той өтіп жатқанын анықтады.

Тойханада шамамен 50-ге жуық адам болған.

Полицейлер бірден әрекет етіп, тойды тоқтатып, қонақтарды қайтарды.

Осыған орай халықтың шоғырлануына жол беріп, карантин талабын орындамағаны үшін тойхана егесі мен той иесіне қатысты іс-құжаттар рәсімделіп, Сайрам аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданған.

Соңғы жаңалықтар