USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Сайрам және Төле би аудандарында карантин шектеуі күшейтілді

2021 жылғы 29 шілде 15:25
Бөлісіңіз:
Сайрам және Төле би аудандарында карантин шектеуі күшейтілді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, Шымкент қаласына жақын орналасқан Сайрам және Төле би аудандарында карантин мен шектеу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Карантин шаралары орындалмаса оқушылар онлайн оқиды - ДСМ Коронавирус: «Көк» мәртебесі барлар үшін бірқатар шектеу алынып тасталды Коронавирус іш қуысының қабынуын тудыруы мүмкін – вирусологтар

Атап айтқанда, екі ауданда Ashyq жобасын енгізбеген нысандардың жұмыс істеуіне тыйым салынады. Тек алып кету және жеткізу қызметіне рұқсат беріледі.

Ashyq жобасымен қызмет көрсететін мейрамхана, дәмхана, қоғамдық тамақтану объектілері, банкет залдары, бассейндер, сауда үйлері, сауда желілері, бильярд, компьютер клубтары, сұлулық салондар, шаштараздар жұмыс күндері кешкі сағат 20:00 ге дейін ашық болады.

Ал, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым істемейді.

Ashyq жобасымен жұмыс істейтін демалыс үйлері, туристік базалар және жағажайлар азық-түлік емес дүкендер, ашық, жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), жәрмеңкелер, моншалар, ашық ауадағы аттракциондар, батуттардың сенбі, жексенбі күндері жұмысы тоқтатылады.

Еске сала кетсек, мегаполистер мен ірі қалалар маңындағы қала тұрғындары демалуға баратын аудандарда карантин күшейтіледі. Қазақстан аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында осындай мәселе қаралған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT