Сайрам-Өгем ұлттық паркінің бас директорына жемқорлыққа жол берді деген күдік келтіріліп отыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бірқатар лауазымды тұлғаларына жемқорлыққа жол берді деген күдік келтіріліп отыр.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РМК бас директорына, оның бірқатар бағыныстыларына, сондай-ақ Комитеттің Бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысына қатысты алдау және сенімге қиянат жасау, пара беру және алу арқылы өзге мүлікті ұрлады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізеді.

Қазіргі уақытта лауазымды тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


Фото: gainfactchecker.org
Соңғы жаңалықтар