Сайрам көліне кәріз суы құйылып жатыр – басқарма түсінік берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар көлдің кәріз суымен ластануына наразы. Бейнежазба әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейнежазба авторы Сайрам көліне кәріз суының қай жақтан келіп қосылып жатқанын айтады. Сонымен қатар, жағымсыз иістің шығып тұрғанына шағымданды.

Қалалық жасыл экономика басқармасының баспасөз қызметі видеоға қатысты түсініктеме берді.

«Біз тексердік. Бұл учаскеде Жұбанов көшесінен, Айриха көшесінің батысына қарай су ағатын канал бар екені анықталды. Бұл коллектор жаңбыр мен еріген суды ағызуға, сондай-ақ Жұбанов көшесінің бойынан, Айриха көшесінен бастау алатын артық суармалы суды ағызуға арналған», - деп жауап берді басқармадан.

Бұған дейін, алматылықтар Жарбұлақ өзеніне кәріз суы құйылып жатқанына шағымданған болатын.

Ол кезде де Медеу ауданының әкімдігі, экология бөлімі қызметкерлері мен аудандық табиғатты қорғау полициясы тексеру жұмыстар жүргізген еді.


Соңғы жаңалықтар